Үшінші рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан қазақстандықтарға ағынан жарыла алғысын білдірді

12:36, 28 қазан 2024

© Сурет: Instagram/qaz_team_official

Қазақстандық еркін күрестің құлагаері Ризабек Айтмұхан отандастарына кезекті атағымен құттықтағаны үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 27 қазаны қарсаңында Ризабек Айтмұхан Тиранда (Албания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол шешуші жекпе-жегін ирандық Махди Морафамен өткізді.

"Барша құттықтап жатқан еліме, мың алғыс.... Алға, Қазақстан",-деп жазды спортшы 28 қазанда Instagram-Stories-те.
Үшінші рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан қазақстандықтарға ағынан жарыла алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 12:36

Сурет: Instagram/rr1zabek

Айта кетейік, бұл Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы үшінші жеңісі.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың қыркүйегінде Ризабек Айтмұхан Понтеведрада (Испания) U20 әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бір жыл бұрын, 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық балуан Белградта өткен әлем чемпионатында да тұғырға көтерілді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!