Кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

13:29, 28 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Еңбек министрлігі 2024 жылғы 28 қазанда кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус берілетіні туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

stopfake.kz жазғандай, қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарады. Мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады екен.

Кеңес дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі — жалған ақпарат , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 13:29

Сурет: Stopfake.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Барлық әлеуметтік төлемдер ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ!",- деп нақтылады ведомство.

Сондай-ақ, министрлік қазақстандықтарға келесідей ескерту жасады.

"Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады".

Мұнымен қоса, Еңбек министрлігі зейнетақы төлемдері жайлы маңызды ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!