Жас жігіт кіреберіс алдында тоққа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
© Фото: Zakon.kz
25 желтоқсан күні Өскемен қаласында жас жігітті көпқабатты үйдің кіреберісіндегі есікте тоқ соқты. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Протозанов көшесіндегі №31 үйдің тұрғындарының айтуынша, домофоны бар кіреберіс есігінен бір айдан бері тоқ ұрып жүрген, алайда ешқандай шара қолданылмаған. Бұл жөнінде HALIQSTAN Telegram-арнасы жазды.

Сурет: Telegram/HALYQSTAN
Оқиғадан кейін ғана электр тогының қайдан шығып жатқанын анықтау үшін "Исток" ПИК қызметкерлері шақырылып, жергілікті әкімдік те іске араласқан.
"Электр тогының соғу фактісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, тоқ көзі – "Алма домофон" ЖШС қызмет көрсететін домофон болуы мүмкін. Қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті болдырмау үшін тоқ көзін ажырату шаралары қабылданып жатыр". Өскемен қаласының әкімдігі
Көп өтпей электр тогының ағу себебі анықталғаны хабарланды. Ол – есік маңына орнатылған жарық шамы болып шықты. Аталған шам ажыратылып, қауіп толықтай жойылды.
"Оқиғаға байланысты жауапкершілікті тиісті органдар анықтайды", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін ҚМА Qarmet мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





