Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

21:08, 26 желтоқсан 2025

© Сурет: polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері сауда орталықтарында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің сауда-ойын-сауық орталықтарының біріндегі дүкенге сатып алушы кейпінде кіріп, парфюмериялық өнімдерді жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Ол витринадан екі-екіден қымбат әтір құтыларын алып, қалтасына жасырған күйі дүкеннен еш кедергісіз шығып отырған.

Келтірілген жалпы материалдық шығын – шамамен 300 мың теңге. Тергеу барысында ұрланған тауарларды күдіктінің кейін сатып жібергені белгілі болды.

Жедел уәкілдер ер адамның жеке басын бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтап, оны сол аудан аумағында ұстады. Сонымен қатар, полиция оның қатысы болуы мүмкін тағы үш ұқсас ұрлық дерегін тіркеді. Аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!