2800 теңгеден бастап: Астаналықтарға төменгі бағадағы етті қайдан сатып алуға болатыны айтылды
© Фото: Zakon.kz
Астанада дәстүрлі түрде демалыс күндері өтетін ет жәрмеңкесі 2025 жылғы 27-31 желтоқсан аралығында бес күнге ұзартылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Жеткізілімдер Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Абай облысының фермерлерінен тікелей жүзеге асырылады, бұл нарықтағы бағаларды төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Ет бағалары:
- Жылқы еті – килограммы 2800 теңгеден бастап
- Сиыр еті – килограммы 3000 теңгеден бастап
- Қой еті – килограммы 3000–3200 теңге аралығында
- Қаз еті – килограммы 2500 теңгеден бастап
Ет жәрмеңкесі Keryen Joly сауда орталығының автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Сонымен қатар, осы күндері сауда орталығы аумағында қала ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді, онда Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Бұл жерде картоп, пияз, сәбіз және жемістер ең төмен бағамен сатылады.
Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер үш күндік форматқа көшетіні хабарланған болатын. Жаңа жылға дейін Ауэзов және Бостандық аудандарындағы жәрмеңкелер жұма, сенбі және жексенбі күндері кеңейтілген форматта жұмыс істейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





