Адам мен табиғат арасындағы қақтығыс: Кенияда пілдер адамдарға шабуыл жасауда
© Сурет: Х/KWSKenya
Кенияда бір апта ішінде жабайы пілдер төрт адамды өлімші етіп жарақаттағаннан кейін наразылық акциясы өтті. Сарапшылар бұл жағдайды өсімдік жамылғысының тапшылығынан туындаған адам мен табиғат арасындағы қақтығыс деп бағалап отыр, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Associated Press басылымының жазуынша, Каджиадо округінде екі адамға шабуыл жасаған піл атып өлтірілді. Кенияның жабайы табиғатты қорғау қызметі тұрғындарды сабырға шақыруда.
"Алдын ала бақылаулар оқиғаға қатысқан пілдің денесінде найза мен жебеден тиген жарақаттар бар екенін көрсетеді. Бұл оның бұған дейін адамдармен қақтығысқа түскенін аңғартады", – делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Сурет: Х/KWSKenya
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Каджиадо аймағындағы Оле Тепеси өңірінде еркін жүрген пілдердің саны артқан. Сарапшылар Кенияда жауын-шашынның аз болуына байланысты өсімдік жамылғысы күрт кемігенін, соның салдарынан қорек үшін бәсекелестік күшейгенін атап өтті. Соңғы құрбан – 23 желтоқсанда ешкі бағып жүрген кезінде піл шабуылына ұшыраған ер адам.

Сурет: Х/KWSKenya
Табиғатты қорғау қызметі мұндай оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтуді жоспарлап отыр. Кенияда жабайы жануарлар шабуылынан қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу бағдарламасы бар.
Бұған дейін Килиманджаро тауында тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адамның қаза болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





