Премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылдың қорытындылары туралы есеп берді
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Премьер-министр 2025 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.
Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында мәлімет берілді. Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
Олжас Бектенов желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын айтты. Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Шағын бизнесті қолдауға арналған "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
Бұдан бөлек, Премьер-министр жылыту маусымы жайында есеп берді. Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





