Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін кең ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар қаладағы басты алаңдар мен мәдени нысандарда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 желтоқсан күні сағат 19:00-де Абай алаңында "Алматы әуендері" шығармашылық ұжымы жаңа жылға арналған "Кел, Жаңа жыл!" атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынады. Концерт барысында отандық эстраданың танымал жұлдыздары Дәлел Уәшев, Өктем Алтаев, Димаш Дәулетов, Тахмина Әшімбекова, "Музарт life" тобы, Ерік Төленов, Асхат Тарғын, Лара Рысбай, DARO, Інжу Әнуарбек, Ғарифа Игісінова, Бейбітгүл Нұрымхожина және Абик Жексен көпшілікке кеңінен танымал хит әндерді орындайды. Бағдарлама барлық жастағы көрерменге арналған.
27-28 желтоқсан күндері 18:30-20:00 аралығында Абай алаңында жаңа жылдық гала-концерт өтеді. Мерекелік кеште ұлттық өнер мен заманауи музыканың үйлесімін ұсынатын ерекше бағдарлама көрермен назарына ұсынылады. Сахнада:
- "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері;
- Тоқтар мен Бейбіт;
- "Меломан" тобы;
- Қуандық Рахым;
- "Ұлытау" тобы;
- Қосқанат пен Гаухар;
- "КешYOU" тобы;
- Ұланғасыр Қами;
- Әсет Есжан өнер көрсетеді.
Бұл кеш мерекелік көңіл-күймен, отбасы мен достардың жанында Жаңа жылды ерекше атап өтуге жол ашады.
Сондай-ақ, 27-28 желтоқсан күндері сағат 12:00-22:00 аралығында Панфилов көшесінде "Панфиловтағы Жаңа жыл" фестивалінің негізгі кезеңі өтеді. Фестиваль аясында үш метрлік марионеткалар, актерлер мен заманауи жарық эффектілерінің көмегімен иммерсивті театрландырылған қойылым көрсетіледі. Ерекше сценарий бойынша жазылған алматылық жаңа ертегіге негізделген бұл қойылым балалар мен ересектерді кейіпкерлермен етене араласуға шақырады.
Фестиваль аумағында қалалық snow-park жұмыс істеп, көрсетілімдік сырғанаулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Жаңа таланттарды анықтау мақсатында жас музыканттар байқауы өткізіледі. Фестиваль аясында "Эко-шырша" байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
31 желтоқсан күні Астана алаңында сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін жалғасатын басты жаңа жылдық концерт өтеді. Кеш барысында Мақпал Исабекова, Әлішер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo тобы, Ninety One тобы, Ayree, Astra тобы, Dakelot, Дәулет Жанболат сынды танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасының ерекше бөлімі – DJ BATTLE. Батл барысында диджейлер жаңа жылдық әуендер мен танымал хиттерді заманауи әрлеуде ұсынатын авторлық микстерін орындап, кешке ерекше динамика мен атмосфера сыйлайды.
Қазақ мемлекеттік циркінде 11 қаңтарға дейін CHRISTMAS STARS атты жаңа жылдық шоу-премьераның көрсетілімі жалғасады. Бұл мейірім, достық пен ғажайыпқа толы, ересектер мен балаларға арналған біртұтас сюжетке құрылған мерекелік қойылым. Бағдарламада қолға үйретілген экзотикалық құстар мен жануарлар – тотықұстар, шимпанзелер, әсем жүрісті аттар, шағын тұқымды иттер және көрермендердің сүйіктісі аюқызы Яна өнер көрсетеді.
29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Мемлекеттік қуыршақ театрында балалар мен ересектерге арналған "Мульти Жаңа жыл" мерекелік ойын-сауықтық бағдарламасы өтеді. Кішкентай бүлдіршіндер түрлі ғаламдарға саяхат жасап, Лило мен Стич, Эш пен Пикачу, Кики мен Наруто және тағы да басқа әйгілі қаһармандармен танысып, мейірімді Аяз Атаның көмегімен ертегілер әлемі Қуыршақтар еліне жол тартады.
Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында арнайы безендірілген орындарда күн сайын Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлер қатысатын мерекелік концерттер, ойын-сауық бағдарламалары мен интерактивті ойындар өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:10, 26 желтоқсан 2025
Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирде алтын медаль жеңіп алды





