Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 27 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Түркістанда көктайғақ, кей уақыттарда тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 27 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Өскеменде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Семейде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с. Алматыда түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:10, 26 желтоқсан 2025
Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирде алтын медаль жеңіп алды





