«Жарылыс болып, қабырғалар қирады». Жезқазғанда мұнай базасы аумағында өрт болды
© Сурет: видеодан алынды/ҚР ТЖМ
Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы үш автокөлік өрттенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қоспасынан жарылыс туындап, ангардың қабырғалары қирады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ құтқарушылары күрделілігі жоғары өртті жоя алғаны баса айтылады.
"Оқиға орнына бірнеше минут ішінде дереу келген ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері қорғаныс жылу шағылыстырғыш костюмдерінде өртті сөндіре бастады. Іле-шала қосымша өрт сөндіру құрамы да келіп жетті. Қанат жайған жедел штаб жанармайы бар резервуарды салқындату арқылы қорғау үшін бір звеноны от ішіне жіберу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Жану орнына жақын тұрған гидранттарға автоцистерналарды орналастыра отырып, өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен өртті 100 шаршы метр алаңда сөндірді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт салдарынан мұнай базасының бес қызметкері ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Қостанай облысында екіқабатты әкімдік ғимараты түгі қалмай жанып кеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





