Тоқаев Әсем Орынбайды стенд атудан Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

22:21, 6 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/assemorynbai

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әсем Орынбайды Алматыдағы стенд атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент әлемдік рекордты қайталап, жеңіске жеткен спортшының ерекше шеберлік танытқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогы кезеңінде, Азия чемпионаттары мен Азия ойындарында табысты өнер көрсетуі елімізде стенд ату спортының даму деңгейі жоғары екенін растайды.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, бірінші раундта жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!