Жапон сейсмологтары соңғы қатты жер сілкінісін зерделеу үшін Алматыға келеді

18:24, 15 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жапон мамандары Алматыда болған соңғы ірі жер сілкінісін зерттейді. Бұл туралы 2024 жылы 15 сәуірде өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы 16-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жапон мамандарының қатысуымен семинар ұйымдастырады.

Іс-шараны Жапонияның Джайка (JICA) халықаралық даму агенттігі, Қазақстанның құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты (ҚазҚСҒЗИ) және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

"Жапон мамандары Орталық Азия (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) және Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) елдерінің өкілдерімен сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы тәжірибемен бөліседі, сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологиялар мен стандарттар туралы пікір алмасады және сейсмикалық құрылыстағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылайды", - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ сарапшылар Алматы және Ното қалаларындағы соңғы жер сілкіністерін зерттейді, бұл болашақта сейсмикалық тәуекелдердің алдын алу стратегияларын әзірлеуге септігін тигізеді.

Айта кетсек, 2024 жылғы 4 наурызда сағат 11:22-де. Алматы уақыты бойынша жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметі бойынша, 5 балдық жер сілкінісі 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09-да болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!