Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты сот ісі: адвокат үкімге пікірін білдірді
© Сурет: Zakon.kz
Адвокат Гаухар Айтжанова 2026 жылғы 27 сәуірде блогер жұп Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталғаннан кейін қорғау тарапы үкімге шағымданбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол мұның себебін келесідей түсіндірді.
"Ең бастысы – жастар бостандықта. Екі жылға кейінге қалдыру берілді. Егер Эльмира тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмаса, оның өкінуі мен келтірілген залалды өтегенін ескере отырып, сот оны жазаның қалған бөлігін өтеуден босатуы мүмкін", – деді Гаухар Айтжанова.
Журналистер үш баланың анасына неге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ал олардың әкесіне шартты жаза берілгенін сұрады.
"Осы күндері біз (прокурормен – ред. ескертпесі) жұма күнінен бастап процестік келісімнің шарттарын талқыладық. Бұл – ұсынылған талаптар", – деп жауап берді ол.
Сондай-ақ журналистер Эльмира Төлегенованың ЖШС иесі екені тағайындалған жазаға әсер етті ме деген сұрақ қойды. Адвокат бұл жағдай шешімге ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері рақымшылық тәртібімен жазаны жеңілдету мүмкіндігі бар-жоғын да нақтылады.
"Амнистия… Біз бәріміз жаңа Конституция қабылдануына байланысты амнистияны күтіп отырмыз. Әзірге жоба қолыма тиген жоқ, сондықтан нақты ештеңе айта алмаймын. Әдетте экономикалық қылмыстар бойынша, егер келтірілген залал өтелсе, жаза мерзімі үштен бірге немесе екіден біріне қысқаруы мүмкін. Бірақ толық босату да болуы ықтимал", – деп жалғастырды Гаухар Айтжанова.
Журналистер адвокаттан істің нәтижесіне көңілі тола ма деп сұрады. Ол қорғауындағы адамдардың бостандықта жүргеніне қанағаттанатынын айтты. Ал олардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым бар ма деген сұраққа адвокат мұндай шектеу қойылмағанын атап өтті.
Бұған дейін Жанабылов пен Төлегенова ісі бойынша сот үкімі жарияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 27 сәуір 2026
Қазгидромет мамыр айына құрғақшылық болжамын ұсынды
-
18:39, 27 сәуір 2026
Күнде екі қуатты магниттік жарқыл тіркеліп, оның әсері Жерге жетті
-
18:21, 27 сәуір 2026
Шетелдік студенттер Қазақстанға қанша пайда әкелді
-
18:01, 27 сәуір 2026
Ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор - Израиль президенті Қазақстан жайлы пікір білдірді
-
17:38, 27 сәуір 2026
Қар мен бұршақ, шаңды дауыл: 28 сәуірде қандай ауа райы күтіп тұр





