ЖОО-на студент қабылдау реттелмек: депутат ұсыныс жасады

14:27, 27 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 2026 жылғы 27 сәуірде өткен Үкімет сағатында елдегі жоғары оқу орындарында кадр даярлау жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі шамамен 70%-ды құрайды.

"Алайда бұл көрсеткіш соңғы үш жылда төмендеп келеді. Сонымен қатар түлектердің едәуір бөлігі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мұны педагогикалық мамандықтар мысалынан да көруге болады. Сапасына тоқталмай-ақ қояйын, тек айтарым – 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 35 мыңнан астам педагог ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, тағы 17,5 мыңы білім беру саласынан тыс жұмыс істейді, ал 60 мыңға жуық адамның қайда және қандай салада жұмыс істейтіні туралы мәлімет жоқ", – деді депутат.

Оның сөзінше, Оңтүстік Кореяда мемлекет кадрларға деген жалпы сұранысты қатаң реттейді. Бұл елде жоғары оқу орындары белгіленген лимиттен тыс – мемлекеттік тапсырыс бойынша да, ақылы негізде де – студент қабылдай алмайды.

"Қазақстанда да кадр даярлауды қатаң мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу қарастырыла ма? Оның ішінде экономиканың нақты қажеттіліктеріне сай ақылы қабылдауды шектеу мәселесі бар", – деп сауал қойды депутат.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Оңтүстік Корея тәжірибесінің қызықты екенін атап өтті.


"Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, соның ішінде Қытайда да кадр даярлау мемлекет тарапынан қатаң реттеледі. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те ақылы ЖОО-лардың қабылдау саясаты жалпы жүйеден тыс қалып отырғанын айтқан еді. Бұл мәселе ҰБТ реформасымен де байланысты. ETS компаниясымен келісім жасалды, делегация келіп зерттеу жүргізді. Келесі жылдан бастап жаңа ҰБТ стандарты пилоттық режимде енгізіледі", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата жоғары білім беру саласында жүйелік мәселелер бар екенін мәлімдеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!