Жетісу облысында 1,5 мың тонна қоқыс шығарылды
© Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында "Таза Қазақстан" бастамасы аясында кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара мемлекеттік органдарды, құқық қорғау құрылымдарын, бизнес өкілдерін және табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтарды бір мақсатқа жұмылдырды.
Іс-шара Қаратал ауданының су айдындарында өтіп, өңірдің табиғи байлығын сақтаудағы бірлескен еңбектің жарқын көрінісіне айналды. Полиция қызметкерлері Балқаш-Алакөл өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен және Қаратал балық инспекциясы бөлімінің қатысуымен су айдындарын тазарту, сондай-ақ заңсыз балық аулау деректерінің алдын алуға бағытталған кешенді табиғат қорғау жұмыстарын жүргізді.
Акцияға 40-тан астам адам қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен қоршаған ортаға деген жанашырлық танытты. Рейд барысында мамандар экожүйе мен су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ұзындығы 6 мың метрге жуық заңсыз орнатылған балық аулау торларын анықтап, тәркіледі. Сонымен қатар аумақтың санитарлық тазалығына ерекше мән берілді.
Су айдындарының жағалауы мен акваториясынан шамамен бір жарым мың тонна қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды. Бұл көрсеткіш мәселенің өзектілігін айқындап қана қоймай, бірлескен жұмыстың нәтижелілігін де дәлелдейді.
Экологиялық бастамаға Көпберлік ауылының тұрғындары, егерьлік қызмет өкілдері, сондай-ақ "Қарақұм Балық", "Бахытбек Каратал", "Fish Prodex" және "Абылхайыр" кәсіпорындары белсенді түрде атсалысты. Бұл табиғатты қорғау ісінің баршаға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Таза Қазақстан" — тек акция ғана емес, ол жауапкершілікке негізделген өмірлік ұстаным. Әрбір азамат өз елінің болашағы мен өмір сапасына ықпал ете алады.
Табиғи байлықты келер ұрпаққа аман жеткізу — баршамызға ортақ парыз. Аталған шара экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадам ғана емес, қоғамға жолданған нақты үндеу болды. Ұйымдастырушылар өңір тұрғындарын осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, туған жердің табиғатын қорғауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:33, 27 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
-
10:58, 27 сәуір 2026
Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады
-
10:41, 27 сәуір 2026
Алматыдағы Ақжар ықшамауданы бір күнге суық сусыз қалады
-
10:24, 27 сәуір 2026
Ақтөбе облысында сталкинг жасаған ер адам анықталды
-
09:53, 27 сәуір 2026
Екі қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін: ІІМ себебін түсіндірді





