Павлодарда мас күйдегі жүргізушіге рөл бергені үшін екі азамат жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Өңір полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын күн сайын қатаң бақылауда ұстап отыр.
Жыл басынан бері мас күйде көлік басқарудың шамамен 300 дерегі тіркелген. Түнгі уақытта Академик Шөкин көшесінде патрульдеу барысында полицейлер Lada-21144 автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде отырған 24 жастағы ер адамның мас күйде екені бірден байқалған.
Тексеру барысында автокөлік иесінің жолаушы орнында отырғаны және оның да алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Белгілі болғандай, ол көлікті мас күйдегі танысына басқаруға берген. Медициналық сараптама екі азаматтың да алкоголь қолданғанын растады.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Полиция еске салады: көлікті мас күйдегі адамға басқаруға беру – өрескел құқық бұзушылық және ол мас күйде көлік жүргізумен тең жауапкершілікке әкеледі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жауапкершілік танытып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:49, 27 сәуір 2026
Талдықорғанда жолдағы қауіпті әрекетке тосқауыл қойылды
-
13:28, 27 сәуір 2026
Білім саласында миллиардтар тиімсіз жұмсалуда: ЖАП аудиті жоғары білімдегі жүйелік проблемаларды анықтады
-
13:12, 27 сәуір 2026
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі қатаңдатылмақ
-
12:59, 27 сәуір 2026
Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді
-
12:45, 27 сәуір 2026
Алматы метросындағы қаржы жымқыру ісі: сот шешімі өзгеріп, 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды





