Қазақстанда ойын мекемелерінің жұмыс ережелері өзгертілді
© Фото: pexels
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің және тотализаторлардың қызметін реттейтін үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа нормаға сәйкес, төмендегі аумақтарда орналасқан казино, ойын автоматтары залдары, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл шектеу ойын мекемелерінің қызметкерлеріне және қызметтік міндеттерін атқару мақсатында сол жерде жүрген өзге де тұлғаларға қолданылмайды.
Аталған нысандар:
- Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауы,
- Жетісу облысының Панфилов ауданы мен Алакөл көлі жағалауы,
- Алматы облысының Талғар ауданы,
- Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары.
Құжат 17 мамырдан бастап күшіне енеді.
Өзгерістер "Ойын бизнесі туралы" заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізілген.
Бұған дейін Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа ойын мекемелері ашылатыны туралы хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 27 сәуір 2026
Алматыдағы Ақжар ықшамауданы бір күнге суық сусыз қалады
-
10:24, 27 сәуір 2026
Ақтөбе облысында сталкинг жасаған ер адам анықталды
-
10:09, 27 сәуір 2026
Жетісу облысында 1,5 мың тонна қоқыс шығарылды
-
09:53, 27 сәуір 2026
Екі қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін: ІІМ себебін түсіндірді
-
09:37, 27 сәуір 2026
Қазақстанда ауқымды интернет-казино әшкереленді: шығын 30 млн теңгеге дейін, айналымы 500 млн теңге





