Жаңбыр тоқтап, қайтадан аптап ыстық болады: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: unsplash
Қазақстанда алдағы сенбі, 2025 жылғы 2 тамызда, жауын-шашын тоқтап, қайтадан аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда айтылған:
"Қазақстанның батысына антициклонның тармағы жылжи бастайды – жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Елдің қалған аумағында циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері сақталады – жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, дауыл соғады, күндіз елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі".
Болжам бойынша күндіз аптап ыстық күтіледі:
- Атырау облысында – +35…+38°C дейін,
- Маңғыстау облысында – +38…+40°C дейін,
- Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – +35…+36°C дейін.
Сондай-ақ, мынадай өрт қаупі бар:
- жоғары өрт қаупі – Абай облысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында;
- төтенше өрт қаупі – Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Абай облысының орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының шығысы, батысы және орталығында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





