Жаңаөзеннің экс-әкімі мемлекеттік қызметке қайта оралды
© Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін Жаңаөзен қаласының әкімі болған, кейін ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқарған 50 жастағы Айбек Қосуаков келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экс-әкімнің мемлекеттік қызметке оралғаны бүгін, 30 қыркүйекте белгілі болды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада Айбек Қосуаковтың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілгені айтылған.
"Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Айбек Қосуаков Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Айбек Қосуаков 1975 жылы 15 қазанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, ал 2013 жылы Д.А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы "Қаражанбасмұнай" АҚ мұнай және газ өндіру цехында тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғысының операторы болып бастаған. 2001 жылы осы кәсіпорынның ұңғымаларды терең зерттеу зертханасында ұңғымаларды зерттеу операторы қызметін атқарған.
2005-2006 жылдары "Жазық" АҚ әлеуметтік даму жөніндегі атқарушы директоры болды. 2007-2020 жылдары "Таушық ауыл шаруашылығы" ЖШС алқалы атқарушы органының төрағасы қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, ал 2022-2024 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімі болды.
2024 жылғы 22 сәуірден осы уақытқа дейін "КаспийТрансКом" ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқарып келген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:48, 30 қыркүйек 2026
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
-
18:35, 30 қыркүйек 2026
Қазақстанда 1 қазанда жаңбыр жауып, екпіні күті жел соғып, тұман түседі
-
18:24, 30 қыркүйек 2026
Шахтадағы адам өліміне қатысты іс: заңсыз алтын өндіруші жалған жауап бергені үшін сотталды
-
18:18, 30 қыркүйек 2026
Балуан Мейіржан Шермаханбет Азиада-2026-ның қола жүлдегері атанды
-
18:04, 30 қыркүйек 2026
«Атыраулық хакер» ісі сотқа жолданды – ІІМ





