Балуан Мейіржан Шермаханбет Азиада-2026-ның қола жүлдегері атанды

18:18, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569787

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!