Өзгелерді алдап, 106 млн теңгеден астам соманы иеленген күдікті Ресейден табылды

19:13, 29 қыркүйек 2026
MKZ: 1569582

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, тергеумен, 2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлікті сатып алу және жеткізіп беру сылтауымен үш жәбірленушіні алдап, олардың 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

"Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды", делінген хабарламада.

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген.

Бұған дейін Бас прокуратура банк картасын ұстаушыларға ескерту жасаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!