«Қазгидромет» бірнеше қалада ауа ластанатынын ескертті

09:12, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569647

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер Қазақстанның алты қаласының тұрғындарына 2026 жылғы 30 қыркүйекте ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 30 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде, ал түнде Атырау, Петропавл, Көкшетау және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ 2026 жылғы 30 қыркүйекте еліміздің кейбір өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа температурасы -4°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!