Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті
© Сурет: polisia.kz
Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен.
Жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында ұрлық дерегін анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрады.
15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ұрланған бұйымдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:11, 29 қазан 2026
Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді
-
21:32, 29 қазан 2026
Ақтөбеде бұрын кездескен қызын бопсалаған жігіт ұсталды
-
21:23, 29 қазан 2026
Астанадағы әлем чемпионаты: Алтын Шагаева қола медаль үшін белдеседі
-
20:50, 29 қазан 2026
Тоқаев «Кулие» сарайына барды
-
20:40, 29 қазан 2026
Қазақстандық семсерлесушілер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды





