Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

12:16, 29 қазан 2026
MKZ: 1574978

© Фото: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында суды үнемдеу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жалпы су алу көлемінің шамамен 60%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тиесілі. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық беріліп отыр.

"Қазіргі уақытта мұндай технологиялар қолданылатын алқаптың көлемі 702 мың гектарға жетті. Соның нәтижесінде шамамен 1,1 млрд текше метр су үнемделді. Суды пайдалану тиімділігін арттыру жұмыстары басқа салаларда да жүргізіліп жатыр", – деді Нұржігітов.

Өнеркәсіп саласында айналымды және қайта пайдаланылатын сумен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен көшу көзделген. 2030 жылға қарай суды қайта пайдалану үлесін 28%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

"Коммуналдық-тұрмыстық секторда жыл сайын қосымша 260 млн текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік бар", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстандағы көлік жуу орындарының орталықтандырылған ауызсуды пайдалануына шектеу қойылатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!