Медицина қызметкерлерінің жалақысын арттырудың жаңа тетігі: қосымша ақы қалай беріледі
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында 2027 жылдан бастап Қазақстанның қай медицина қызметкерлерінің жалақысы өсетінін және қосымша төлем мөлшері неге байланысты болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кадрлық әлеуетті нығайту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесіндегі жұмыстың тартымдылығын арттыру мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған қосымша ақы белгілеу ұсынылып отыр.
"Қосымша ақы үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоциялық жүктемеге қарай төленеді. Осылайша, емханалар жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілін ескере отырып, 40%-ға дейін өседі. Бұл шара 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды. 2027–2029 жылдары қосымша қаржы қажеттілігі жыл сайын шамамен 137 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 34 млрд теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 103 млрд теңге қарастырылады", – деді Ақмарал Әлназарова.
Оның айтуынша, жалақыны көтеру алғашқы медициналық көмек көрсететін мамандар тапшылығын азайтуға, сондай-ақ халықтың тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекті қолжетімді, уақтылы әрі сапалы алуына оң ықпал етеді.
Еске салайық, 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын қайта қарауды ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:17, 29 қазан 2026
Рыбакина мен Путинцева WTA 500 турнирінің ширек финалына шығу үшін өзара кездесті
-
15:08, 29 қазан 2026
Қазақстанда ауыз су тарифтерін реформалау 2027 жылдың қаңтарына дейін аяқталады
-
15:01, 29 қазан 2026
Олжас Бектенов ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде тапсырма берді
-
14:46, 29 қазан 2026
Жалақы 40%-ға дейін өседі: ДДСҰ Тоқаевтың шешімін қолдады
-
14:35, 29 қазан 2026
Астанада екінші әуежай құрылысы басталады





