Жалақы 40%-ға дейін өседі: ДДСҰ Тоқаевтың шешімін қолдады
© Фото: akorda.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгенің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (АМСК) сапалы болуы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуден басталады.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы медициналық көмек көрсететін мамандардың кадрлық әлеуетін нығайту туралы шешімін шын жүректен құптаймын. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін арттыру көзделген. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл – халыққа барынша жақын жұмыс істейтін мамандарға, яғни жалпы практика дәрігерлеріне, медбикелерге және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін басқа да қызметкерлерге салынған инвестиция", – деп жазды ол 2026 жылғы 28 қазанда X әлеуметтік желісінде.
Ханс Клюгенің айтуынша, бұл мамандар аурулардың алдын алуға, қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтауға, созылмалы аурулары бар пациенттерді бақылауға және медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
"Бұл қадамдардың 2028 жылы атап өтілетін алғашқы медициналық-санитариялық көмек туралы Алматы декларациясының 50 жылдығы қарсаңында жасалып жатқаны ерекше қуантады. Дәл осы Қазақстанда 1978 жылы әлем елдері алғашқы медициналық-санитариялық көмекті баршаға денсаулық сақтаудың негізі деп жариялады. Ал 2018 жылы Астанада бұл ұстанымға адалдық тағы да расталды", – деп атап өтті ол.
Сөз соңында ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Қазақстанға сәттілік тіледі:
"Іске сәт, Қазақстан!"
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне қатысты жақсы жаңалық жариялады. Президент Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын көтеруді тапсырды. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі жалақысы өсетін медицина қызметкерлерінің санаттары мен төлем мөлшерін нақтылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 29 қазан 2026
Алматы метросында екі жолаушыдан қауіпті зат табылды
-
15:46, 29 қазан 2026
Сәтбаев қаласында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» атты форум өтті
-
15:31, 29 қазан 2026
Орталық Азия парламенттерінің форумында Қазақстанның су қауіпсіздігі жөніндегі бастамалары туралы айтылды
-
15:17, 29 қазан 2026
Рыбакина мен Путинцева WTA 500 турнирінің ширек финалына шығу үшін өзара кездесті
-
15:08, 29 қазан 2026
Қазақстанда ауыз су тарифтерін реформалау 2027 жылдың қаңтарына дейін аяқталады





