Қазақстанда көлік жуу орындарына орталықтандырылған ауызсуды пайдалануға шектеу қойылмақ

11:16, 29 қазан 2026
MKZ: 1574960

© Фото: freepik

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында суды ұтымды пайдалану мәселесін бақылау туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол негізгі нәтижелердің бірі ретінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдеуге басымдық беру, су нысандарын қорғау және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын бекіткен жаңа Су кодексінің қабылданғанын атап өтті.

"Суды тиімді пайдалануға, шығынды азайтуға және су пайдалану талаптарын сақтауға қойылатын заңнамалық талаптар күшейтілді. Су пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау да күшейтілді. Жыл басынан бері 758 заңбұзушылық анықталды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі еседен астам көп", – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің айтуынша, заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Су кодексіне түзетулер әзірленді. Олар көлік жуу орындарында технологиялық процестер үшін орталықтандырылған ауызсуды пайдалануды шектеуді көздейді.

Еске салайық, 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!