Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, жолдар тайғақ болады

09:14, 29 қазан 2026
MKZ: 1574919

© Сурет: Telegram/qazavtojol

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 қазанға арналған жол жағдайы туралы болжам жариялап, жүргізушілерге маңызды ұсыныстар жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Қазақстанның бес өңірінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Олар:

  • Алматы облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Абай облысы;
  • Жетісу облысы.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті мамандар.

Осыған байланысты жүргізушілерге мынадай ескертулер жасады:

  • ауа райы жағдайын ескеру;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
  • жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
  • күрт маневр жасамау.

Сонымен қатар жүргізушілерге республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болатыны ескертілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!