Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді

12:19, 29 наурыз 2023

© Сурет: akorda.kz

VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл жаңадан сайланған депутаттардың бірінші жалпы отырысы.


"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді жаңа депутаттар.

Қазақстанда 2023 жылғы 19 наурызда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Сәлден соң Парламентке өткен «Аманат», «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» ХДП, ҚХП, ОСДП және «Республика» партияларының өкілдері алған мандаттарының саны бойынша Мәжілістегі депутаттық мандатқа үміткерлердің тізімін жариялады. 

Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліске кімдер өткені туралы мына жерден оқыңыз.

28 наурызда ОСК партиялық тізім бойынша 8-ші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарын тіркеді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!