Петропавлдағы мектептің төбесі опырылып түсті: балалар зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Петропавлда 4 желтоқсанда төтенше жағдай болды. Мектеп оқушыларының үстіне төбе опырылып түсті - үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Как рассказали в акимате Северо-Казахстанкой области, детей госпитализировали.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, балалар ауруханаға жатқызылған.
"4 желтоқсанда Петропавлдағы №6 Қожаберген жырау атындағы орта мектепте 2 шаршы метр аумақты алып жатқан сыныптың төбесіндегі сылақ сырғып, үш бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Үш бала бақылау үшін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендердің жасы 12 және 13 жаста.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл факті бойынша комиссия құрылады, оның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік құрылыс басқармасы, білім, құрылыс басқармалары, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:38, 5 желтоқсан 2024
Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
-
00:29, 5 желтоқсан 2024
Ақтөбеде шағын автобус пен көлік соқтығысты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
-
23:56, 4 желтоқсан 2024
Қазақстандық теннисші БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты
-
23:26, 4 желтоқсан 2024
Шымкентте жол апатынан жүкті әйел жарақат алды
-
22:56, 4 желтоқсан 2024
Алматыда сотталушы қарауылшы жасақтың қызметтік көлігінен қашып кетті