Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

21:26, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жетісу облысы Ескелді ауданында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 4 желтоқсан күні Балпық Би — Қарабұлақ автожолының 44-шақырымында болған.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан К-700 мамандандырылған техникасымен соқтығысқан.

"Балпық би —Қарабұлақ автожолында тіркелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ведомство жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!