Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді

09:43, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алты жасар Хадия Кунаева Қазақстан Президентінің атынан сыйлық иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Екібастұздың жас тұрғыны джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған. Ол өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 09:43

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. Ол бұл туралы 3 желтоқсанда Instagram парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ, қыздың жаттықтырушысы, кішкентай жеңімпазды әкесі — спортшы Самат Кунаев екені белгілі болды.

"Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі",- деп атап өтті өңір басшысы.
Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 09:43

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандық екі спортшының бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өткендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!