Жамбыл облысында халықты тұрғын үймен қамту жұмысы тұрақты

10:55, 4 желтоқсан 2024

© Фото: freepik

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл мемлекет пен қоғам үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі. Ол азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етеді.

Бұл мәселені шешу үшін кешенді тәсіл қажет, оның ішінде тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік бағдарламалар, ипотекалық несиелеу және инфрақұрылымды дамыту кіреді.

Облысымызда тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі оң шешімін табуда. 2024 жылдың басынан бері 750 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Жамбыл жұртшылығының үй мәселесін шешуге "Әулиеата жастары", "7-20-25", "Отау", "Наурыз" бағдарламалары ықпал етті.

2024 жылы тұрғын үй құрылысына және пәтер сатып алуға 40,8 миллиард теңге бөлініпті. Әр ауданды соның ішінде Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлер пайдаланылуға берілді.

Биыл көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтары да үйлі болды. Жаз айларында Талас және Қордай аудандарында 252 отбасы баспаналы болды.

Бұл дегеніміз өз отауының түтінін түтеткендер көбейді деген сөз. Пәтер жалдап тұрғанша мемлекеттік бағдарламамен беріліп жатқан үйлерді алып, үйлі әрі күйлі болған жандар жетерлік.

Желтоқсанның соңына дейін "Әулиеата жастары" бағдарламасымен 140 жас үйлі атанбақ.

Әлі 2024-2025 жылдар аралығында кезекте тұрған 180 адам баспанамен қамтылмақ. Сондай–ақ "Асарлатып үй салу" жобасы бойынша да 56 жоба жүзеге асқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!