Жаңа циклон Қазақстанға әсер етеді: 3–5 қаңтарда ауа райы күрт өзгереді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстандағы келесі үш күнге — 3, 4 және 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Онда алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы күрт өзгеретіні, қар мен боран күтілетіні және температураның көтерілуі болжанатыны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Себебі — жаңа циклон.
"Алдағы күндері Қазақстан аумағымен Жерорта теңізі аймағынан циклон өтеді. Соның әсерінен республика аумағының көп бөлігінде қар мен боран, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 3 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, ал 5 қаңтарда оңтүстік-шығыста қарлы және жаңбырлы ауа райы күтіледі. Республика бойынша жолда мұздау, тұман, желдің екпіні болады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Температураның өзгерісі болжам бойынша:
- Батыс өңірде: түнде 0–8°С, күндіз –2…+5°С
- Төмендеуі күтілетіндер:
- Орталық өңірде: түнде –10…–18°С, күндіз –5…–12°С
- Оңтүстік өңірде: түнде 0…–10°С, күндіз –6…+2°С
- Оңтүстік-шығыс өңірде: түнде 0…5°С, таулы аймақтарда –8…–13°С, күндіз –2…+3°С, таулы аймақтарда –5…–10°С
- Шығыс өңірде: түнде –5…–13°С, күндіз –5…–10°С
3–5 қаңтардағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы туралы толық ақпаратты "Қазгидромет" ресми сайтынан білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 3 қаңтар 2026
Николас Мадуро Венесуэлада төтенше жағдай жариялады
-
12:54, 3 қаңтар 2026
Зейнетақы мен жәрдемақылар–2026: Қазақстанда төлемдер қаншалықты өсті
-
12:49, 3 қаңтар 2026
Польшадағы басты шырша Корольдік сарай маңында Жаңа жыл түнінде жанып кетті
-
12:35, 3 қаңтар 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 3 қаңтар
-
12:28, 3 қаңтар 2026
АҚШ-та парашютші футбол қақпасының торына ілініп, 10 метрден құлады





