Иудея шөлінің құмынан 1400 жылдық алтын қазына табылды

17:39, 2 қаңтар 2026

© Сурет: freepik

Израильде Иудея шөлінде бірегей археологиялық олжа табылды. 1400 жыл бойы сақталып қалған алтын бұйымдар көне христиандық монастырь аумағынан ашылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News мәліметінше, бұл жаңалықты Израильдің аумақтардағы үкіметтік қызметті үйлестіру департаменті (COGAT) жариялаған.

Сурет: COGAT

Қазына Иудея шөлінің солтүстік бөлігінде, Иерусалимнен шығысқа қарай шамамен 16 шақырым жерде, Батыс жағалауда орналасқан Гиркания археологиялық ескерткішінен анықталған. Табылған жәдігерлер – екі алтын теңге мен әсем алтын сақина.

Гиркания қонысы б.з.д. II–I ғасырларда, яғни кейінгі эллинистік кезеңде құрылған. Алғашында бұл орын қамал ретінде пайдаланылған.

Алтын теңгелер 610–641 жылдары Византия империясын басқарған император Ираклийдің бейнесі соғылған солидтар болып шықты. COGAT өкілдерінің айтуынша, бұл олжалар Византия дәуірінде аймақта христиан дінінің белсенді болғанын дәлелдейді.

Сурет: COGAT

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Византия кезеңі Иудея шөлінде монастырлық өмірдің қарқынды дамуы­мен ерекшеленген. Дәл осы уақытта Гиркания аумағында шөл монастырлығын негізін қалаушылардың бірі – Әулие Савва Қасиеттіге қатысты христиандық монастырь салынған. Бұл монастырь бірнеше жүз жыл бойы жұмыс істеген.

Бұған дейін ғалымдардың болжауынша 2026 жылы магниттік дауылдар көп болатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!