Ауғанстанда топан судан 17 адам опат болды

16:56, 2 қаңтар 2026

© Сурет: freepik

Ауғанстанда тасқын судан 17 адам көз жұмып, тағы 11 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратынша, елді ұзақ уақыт құрғақшылық жайлаған болатын. Кенеттен жаңбыр құйып, қар жауып соңы тасқынға ұласты. Апат салдарынан 1800-ден астам үй қирап, біраз мал суға кетті.

Қазір құтқару шаралары жалғасып, залал мөлшерін бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін Швейцариядағы алапат өрттен зардап шеккен 80 адам ауыр халде жатқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!