Ұлытау облысында жоғалған екі ер адам табылды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ұлытау облысында Ұлытау ауданының "Базыл" қыстағы аумағында жоғалып кеткен екі ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 желтоқсанда күндіз 1957 және 1959 жылдары туған азаматтар "Амантай" шаруа қожалығынан "Базыл" қыстағы бағытына трактормен жолға шыққан. Жолда техниканың отыны таусылып, олар жаяу қозғалысты әртүрлі бағытта жалғастырып, адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына ТЖМ, ЖАО және полиция қызметінің күштері жұмылдырылды. Операция барысында арнайы техника, жеке құрам және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылды.
Алғашқы азамат 1 қаңтар күні "Жомарт" кенішінен батыс бағытта шамамен 7 шақырым қашықтықта табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Екінші ер адам 2 қаңтар күні "Жомарт" кенішінің маңындағы геологтарға өз бетінше жетіп, құтқарушылар тарапынан "Базыл" қыстағына жеткізілді. Оның да жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты полиция түсініктеме бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 2 қаңтар 2026
Иудея шөлінің құмынан 1400 жылдық алтын қазына табылды
-
17:15, 2 қаңтар 2026
Қазақстанда 2,1 млн гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
16:56, 2 қаңтар 2026
Ауғанстанда топан судан 17 адам опат болды
-
16:37, 2 қаңтар 2026
Алматыда Жаңа жыл түні 21 сәби дүниеге келді
-
16:09, 2 қаңтар 2026
Құтқарушылар жолда тұралап қалған жүргізушіге көмек көрсетті





