Швейцариядағы алапат өрттен зардап шеккен 80 адам ауыр халде жатыр

15:12, 2 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Швейцариядағы Кран-Монтана тау-шаңғы курортында орналасқан барда болған өрт салдарынан зардап шеккен 115 адамның кемінде 80-і әлі де ауыр жағдайда. Шамамен 40 адам қаза тапты. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцариядағы Constellation барында Жаңа жыл түні қуатты жарылыс болып, артынша ірі өрт шыққан. Жергілікті полицияның деректеріне сәйкес, 115 адам зардап шеккен.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қаза тапқандардың көпшілігі жас, ал барлық марқұмдардың жеке басын анықтауға бірнеше күн қажет болады.

Осы қайғылы жағдайға байланысты 1 қаңтардан бастап Швейцария президенті қызметіне кіріскен Ги Пармелен дәстүрлі жаңа жылдық үндеуін кейінге қалдырды.

Бұған дейін Таиландтағы ядролық жарылысқа ұқсас ерекше отшашу тұрғындарды шошытқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!