Алматыда Жаңа жыл түні 21 сәби дүниеге келді
© Фото: primeminister.kz
2026 жылы 1 қаңтарға қараған жаңа жыл түні мен таңғы уақытта Алматы перзентханаларында 21 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік таратқан жедел деректерге сүйенсек, сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін 9 ұл мен 12 қыз дүниеге келген.
Әрбір босануды білікті медицина мамандары мұқият бақылады. Ана мен сәбиге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жаңа туған шақалақтың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
"2026 жылдың алғашқы сәбилерінің дүниеге келуі – жаңа кезеңнің, үміт пен өмір сабақтастығының символына айналса, медицина қызметкерлері үшін бұл мереке күндері де үздіксіз атқарылатын жауапкершілігі жоғары қызметтің айқын көрінісі",- делінген әкімдік ақпаратында.
Қаладағы перзентханалық қызмет жүйесі қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастырып, ана мен балаға сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетіліп отыр.
Бұған дейін Ұлытау облысында жоғалған екі ер адам табылғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:08, 2 қаңтар 2026
Көктайғақ, қар мен боран: Астана мен бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
17:55, 2 қаңтар 2026
«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті
-
17:47, 2 қаңтар 2026
Қазақстанда 90% оқушы тегін үйірмелер мен секцияларға барады - Оқу-ағарту министрлігі
-
17:39, 2 қаңтар 2026
Иудея шөлінің құмынан 1400 жылдық алтын қазына табылды
-
17:15, 2 қаңтар 2026
Қазақстанда 2,1 млн гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды





