Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты полиция түсініктеме берді

14:48, 2 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Атырау облысының Полиция департаменті төрт адамнан тұратын отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, отбасының жоғалғаны туралы арызды отағасының туған әпкесі берген.

"2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бір айдан астам уақыттан бері ағасының және оның отбасының қайда екені белгісіз екенін хабарлады. Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған", – делінген 2026 жылғы 2 қаңтардағы хабарламада.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері олардың жүрген жерін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сонымен қатар басқа өңірлердің полиция қызметкерлеріне де бағдарлама жіберілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бет алған болуы мүмкін.

Полиция аталған адамдардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 0012 нөмірлері арқылы құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Бұған дейін Атырау облысында төрт адамнан тұратын бір шаңырақ мүшелерінің із-түссіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!