Жамбыл облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сенбі күні еліміздегі маңызды мерекелердің бірі – Республика күні қарсаңында Қордай ауылында жаңадан салынған Өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді. Айтулы шара сондай-ақ Құтқарушылар күнімен тұспа-тұс келіп, мерекелік көңіл-күйде өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен ардагерлер қатысты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңа ғимараттың ашылуы – Қордай ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Өрт сөндіру бөлімінің жаңартылған базасы аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында Ерлан Нұрпейісов өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздік сақтаудағы жауапты қызметін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге арнайы марапаттар табысталып, салтанатты түрде лентаны кесу рәсімі өтті.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өз кезегінде аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы жаңа өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуы ауданда төтенше жағдайларға уақытылы әрі сапалы жауап беру деңгейін арттыруға, азаматтық қорғаныс саласындағы қызмет сапасының жақсаруына ықпал ететіндігін тілге тиек етті.
Ашылу салтанаты мерекелік бата берумен және ағаш егу рәсімімен аяқталды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен арнайы кездесу өткізіп, жаңадан салынған ғимараттың мүмкіндіктерімен таныстырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 19 қазан 2024
Қырғызстанға жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған алты жол талғамайтын көлік пен бір автобус ұсталды
-
17:29, 19 қазан 2024
Ертең LRT құрылысына байланысты елордадағы даңғылдардың бірі жабылады
-
17:08, 19 қазан 2024
Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты
-
17:00, 19 қазан 2024
«Тұман, қатты жел, үсік». Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:17, 19 қазан 2024
Алматы әуежайында шетелден келіп жеткен сәлемдемеден есірткі табылды