Қазақ тілі туралы орынсыз қалжыңына қатысты Черчесов алғаш рет пікір білдірді
© Сурет: kff.kz
Қазақ тілі туралы қалжыңдаймын деп айыппұл арқалаған футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов аталған жайтқа қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ресейлік "Спорт-экспресс" басылымына берген сұқбатында шын мәнінде ол арада қалжыңдағанын айтты.
"Әр кез ел алдына шығып, сөйлеген кезімде не туралы айтып жатқанымды өзім жақсы білемін. Егер менің қалжыңымды дұрыс түсінбеген болса, демек, менікі дұрыс емес", - деді Черчесов.
Айта кетсек, Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында марқұм Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітхан Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір: "Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?" деп сөзін бөлді. Сонан соң басын изеп, сұрағын жалғастыруға болатынын аңғартты.
Одан кейін көпшілік Станислав Черчесовтің мұнысын қазақ тілін кемсітуге балап, әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосын жаппай бөлісе бастады.
Министрлік қоғам наразылығын назарға ала отырып, Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті.
Көп ұзамай Черчесовке 200 АЕК көлемінде (738 400 теңге) айыппұл салынғаны белгілі болды.
Туризм және спорт министрі осы жағдайлардан соң елді сабырға шақырып, желіде жазба жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 22 желтоқсан 2024
Хоккейден Қазақстанның жастар командасы канадалықтарды ойсырата ұтты
-
10:41, 22 желтоқсан 2024
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
-
13:08, 21 желтоқсан 2024
Зертханада «жасалған» бала: Ерекше технология тәсілімен алғашқы сәби дүниеге келді
-
09:48, 21 желтоқсан 2024
Астанада өткен бокс кеші: Дәулет Дәукенов аргентиналықты мерзімінен бұрын жеңді
-
13:57, 20 желтоқсан 2024
Белгілі қазақстандық футболшы алғаш рет бас бапкер лауазымына ие болды