Алматыда салтанатты мейрамхана отқа оранды

22:43, 18 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

18 қазанда сағат 21:50 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде орналасқан мейрамхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жоғары дәрежедегі шақырту белгісімен жеткен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жаты.

"Мейрамхана қонақтары сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам және сегіз техника жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.


Бұған дейін Орал қаласында полицейлер жанып жатқан көлікте бейқам отырған жүргізушіні құтқарғанын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!