Семейде қыз баланы құтқарамын деп пышақ жарақатын алған полицей жол апатына ұшырап, қаза тапты
© Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
2024 жылы 18 қазанда Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Істің мән-жайы алда анықталатын болады. Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деді аймақтық полиция департаменті.
2024 жылдың наурыз айының басында қаза тапқан полиция қызметкері ізіне түскен қылмыскерден қызды құтқарып, пышақ жарақатын алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:31, 19 қазан 2024
Қытай Қазақстаннан тасымалданатын астық экспортын қайта жандандыруға дайын
-
11:24, 19 қазан 2024
Ақмола облысында ірі есірткі зертханасының көзі жойылды
-
10:37, 19 қазан 2024
Атыраулық блогер ақша бопсалады деген айыппен сотталды
-
10:26, 19 қазан 2024
Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема көшеттері Нидерландыға кері қайтарылды
-
09:48, 19 қазан 2024
Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді