Ертең LRT құрылысына байланысты елордадағы даңғылдардың бірі жабылады
© Сурет: Zakon.kz
"City Transportation Systems" ЖШС 19 қазанда елорда тұрғындарына Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қилысындағы жол айрығында көлік қозғалысына шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"City Transportation Systems" ЖШС нақтылап өткендей, LRT 112-113 аралығындағы құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарланып отыр.
"Осыған байланысты 20 қазанда сағат 23:00-ден 21 қазанның сағат 06:00-ге дейін Сығанақ көшесімен қиылысындағы Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.
Сурет: City Transportation Systems
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:05, 19 қазан 2024
Жамбыл облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
-
17:42, 19 қазан 2024
Қырғызстанға жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған алты жол талғамайтын көлік пен бір автобус ұсталды
-
17:08, 19 қазан 2024
Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты
-
17:00, 19 қазан 2024
«Тұман, қатты жел, үсік». Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:17, 19 қазан 2024
Алматы әуежайында шетелден келіп жеткен сәлемдемеден есірткі табылды