«Хезболла» дронмен Нетаньяхудың Кейсариядағы резиденциясына шабуыл жасады

13:09, 19 қазан 2024

© Сурет: Х/netanyahu

2024 жылдың 19 қазанында "Хезболлах" ұйымы Израильдің Премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың теңіз жағалауындағы Кейсария қаласындағы резиденциясына қарай дрон ұшырды. Алайда онда саясаткер мен оның отбасы болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяху кеңсесіндегілер аталған оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін жеткізген.

"Ұшқысыз сырттан бақыланатын аппарат премьер-министрдің Кейсарийдегі резиденциясына бағытталған. Премьер-министр мен оның әйелі онда болған жоқ, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Израиль қорғаныс Армиясы (IDF) күні кеше Ливаннан үш ұшқышсыз ұшу аппараты ұшырылғанын, олардың екеуі ұсталып, біреуі Кейсария қаласының маңындағы ғимаратқа түскенін айтты.

Бұған дейін Израиль күштері ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвардың көзі жойылғанын хабарлаған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!