Астанада элиталы тұрғын үй кешені маңынан бойжеткеннің денесі табылды
© Сурет: Zakon.kz
Астанада элиталы тұрғын үй кешенінің жанынан бойжеткеннің денесі табылды. Полиция 22 жастағы қыздың 24-ші қабаттан өзі құлаған деген болжамды жоққа шығармайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қошқарбаев көшесіндегі элиталы тұрғын үйлердің бірінің жанынан өлі адамның денесі табылғаны туралы хабар полицияға түс ауа түскен. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, деп хабарлайды КТК.
Марқұмның елорда тұрғыны екені мәлім. Куәгерлердің айтуынша, марқұмды бұрын-соңды бұл тұрғын үй кешенінен байқамаған.
"18 қазанда Алматы ауданының полиция басқармасына үйдің кіреберісінің жанынан қыздың мәйітінің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін 22 жастағы қыздың жеке басын анықтады. Болжам бойынша, бойжеткен тұрғын-үйдің 24-ші қабатынан секірген".Эльмира Шәуленова, Астана ПД баспасөз қызметінің бастығы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 18 қазан 2024
Алматыда салтанатты мейрамхана отқа оранды
-
22:38, 18 қазан 2024
Ресей Қазақстаннан тасымалданатын гүлдерге шектеу қойды
-
22:08, 18 қазан 2024
Түркістан облысында өткізу бекеттеріндегі көлік кептелісіне не түрткі болғаны белгілі болды
-
21:50, 18 қазан 2024
Теміртауда ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды
-
21:14, 18 қазан 2024
«Жаңбыр, тұман, аяз». Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды