Жамбыл облысында 120,5 млрд теңге инвестиция тартылды - бірінші тоқсанның қорытындысы
© Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды іске қосу тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында өңір экономикасының негізгі салаларын қамтитын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 120,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға артық.
Өңірдің инвестициялық қоржынында жалпы құны 3,6 трлн теңге болатын 82 жоба бар. Бұл жобаларды іске асыру 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Биыл 175,2 млрд теңгеге 1500 жұмыс орнын құра отырып, 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта "ЕуроХим – Тыңайтқыш" ЖШС (минералды тыңайтқыштар), "Qazaq Soda" ЖШС (кальцийлендірілген сода өндірісі), "Altynalmas Reagents" ЖШС (натрий цианиді өндірісі), "Шокпар – Гагаринское" ЖШС (алтын өндіріс), "Шагала Майнинг" ЖШС (мыс өндірісі) ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Өңірдің"Total Eren" (Франция) және Masdar (БАӘ) компаниялары жел электр станцияларын салу жөніндегі ынтымақтастығы жасыл энергетика саласындаға халықаралық әріптестікті күшейтті.
Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде "Yonggang Central Asia Iron And Steel" ЖШС металлургиялық зауыттың, "Fufeng Group" ЖШС жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорынның құрылысын бастады.
"Zhambyl Invest" дирекциясы инвестициялық жобаларды тарту мен іске асыруда шешуші рөл атқарады. "Бір терезе" қағидатын ұстана отырып, дирекция инвесторларға жобаның барлық кезеңдерінде идеядан іске асыруға дейін қолдау көрсетеді.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Жамбыл облысы шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды аймақ ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





