Жамбыл облысында қоймада шіріген пияз қоқысқа тасталып жатыр

12:59, 28 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Жамбылдық дихандар қоймадағы пиязды қоқысқа шығаруға мәжбүр. Өйткені мыңдаған тонна өнім шетінен шіри бастаған.

Былтыр күзде жиналған көкөніс өңірдегі 100-ден аса қоймада сақталған. Шаруалар өнімнің жеуге жарамдыларын тұрғындарға тегін таратып жатыр.

Айта кетейік, былтыр Жамбылда 780 мың тонна өнім жиналды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл жылдағыдан үш есеге көп. Ал ішкі нарық тек 22 мың тоннасын ғана тұтынады.

Сондықтан сұраныс болмай, өнім тұрып қалған. Қазір 138 мың тонна пияз шіріп жатыр.

10 тоннадай машинаға кетеді, отыз тоннадай шығардым, әрбір машинаға 45-50 мыңнан ақша кетіп жатыр. Мұны қабылдамай жатыр, сасып жатыр, керек жоқ дейді. Құсейін Бешлиев, шаруа

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!