Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы мәлімдеме жасады
10 ақпанда Қордай аймағындағы тәртіпсіздіктерден кейін қызметінен босаған Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Арман Оразалиев облыс тұрғындарымен қоштасты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол өз жұмысында өзіне қолдау білдірген барлық адамдарға алғысын жеткізді.
"Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын. жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын. Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым. Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін" деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:16, 9 қараша 2026
Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады
-
19:56, 9 қараша 2026
Павлодарда 80 жастағы әйел Ертіс жағасындағы жардан құлап кетті
-
19:51, 9 қараша 2026
Шашынан сүйреген: Ақтөбеде бірге тұратын әйелін азаптаған таксист жазадан құтылды
-
19:32, 9 қараша 2026
Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды
-
19:23, 9 қараша 2026
Тоқаев Конституцияда ел егемендігі мен жер тұтастығын қорғау басты міндет ретінде бекітілгенін айтты





